Денсаумин Pfizer вакцинасын тек балалар мен жүктілерге салмақ

Үкімет АҚШ екпесі елге қазанда келеді дейді


10/08/2021
15:21 40940 0

Фото: bbc.com

 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer екпесі Қазақстанға қазанда келетінін айтты. Министрлік оны тек балалар мен жүкті әйелдерге салмақ

 

«(Pfizer — ред.) вакцинаны басында тек балалар мен жүктілерге саламыз. Сондықтан оған үміт артудың қажеті жоқ. Қазір барып, бар вакцинаны салдырған жөн», — дейді министр. 

 

Бұрын ресми органдар 12-ден асқан балаларға вакцина ата-ана не қамқоршысы рұқсат бергенде салынады деген. 


Қазір Қазақстан халқына төрт түрлі вакцина салынып жатыр: Ресейдің «Спутник V-і», Қазақстанның QazVac-ы, Қытайдың HayatVax мен Coranavac-ы. 10 тамызда елге Пекиннің тағы бір екпесі — Vero Сell-дің бірінші партиясы жеткізілді. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеген.

 

Біз бұрын Қазақстан вакцинасы туралы бар білгенімізді айтып, жалпы вакцинация туралы жиі қойылатын сұрақтарға жауап бердік. 

Поделиться

Нет комментариев.

10/08/2021 15:21
40940 0

Уведомление